«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 22 сәуір және 26 сәуір аралығында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шаралары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
- басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметіне;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда, Тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Кожухова Дамира Қайратқызы 8 777 030 03 28 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар.