Бүгін Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдік құзыреттілікті дамыту» атты облыстық онлайн семинар өтті.
Семинардың мақсаты – іскер, білікті, азаматтық белсенділігі мен шығармашылығы қалыптасқан мамандар мен тіл үйренушілердің тілді үйренуде тілдік, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, мәдениетаралық қарым- қатынас орнату, тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру.
Семинарға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Марияш Дәрмен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Жақанова, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, басқарма қызметшілері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және қалалық, аудандық филиалдардың меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары қатысты.