Мамандар онлайн курстан өтті

Мамандар онлайн курстан өтті

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында барлық шаралар онлайн өтуде.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз – 10 сәуір аралығында «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты онлайн курс ұйымдастырған болатын.

Бұл курсқа Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Меруерт Жеңісқызы мен Кеген аудандық филиалының оқытушы маманы Айжан Қамырхан қатысып, білімдерін жетілдіріп, арнайы сертификат алды.
Олар мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі, ауызша сөздің тілтанымдық негіздері, әдеби тіл нормасы, емле ереженің қалыптасу тарихы, тақырыптары бойынша дәріс алды. Сондай-ақ, дәрісте үздік педагогикалық технологиялар мен   озық сабақ үлгілері көрсетілді