Алматы облысында «Тіл шебері 2023» атты байқау өтті.

Алматы облысында «Тіл шебері 2023» атты байқау өтті.

     Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қонаев қаласында мемлекеттік қызметшілерге арналған облыстық байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру болып табылды. Облыстық 2 басқарма, Кеген, Ұйғыр Жамбыл, Райымбек, Еңбекшіқазақ,  Іле аудандарымен Қонаев қаласынан қатысушылар өз бақтарын сынады. 3 кезеңнен тұратын байқаудың жеңімпаздарына жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.