Ұлы жеңіске 75 жыл!

Ұлы жеңіске 75 жыл!

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны бөлек.
Ел басына күн туған сұрапыл жылдары Отан үшін кеуделерін оққа тосқан қаһармандардың есімдері мен ерліктері  ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрдайым ардақтап, мақтан тұтып, ерліктеріне бас иіп, тағзым етеміз! Ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған  ардагерлеріміз мың жасасың!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!
Мереке құтты болсын! 
Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы бейбіт күн астында желбірей берсін!