Алматы облыстық ономастика комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

Алматы облыстық ономастика комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

2023 жылғы 17 маусымдағы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ономастика мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалары берілген болатын.

Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, елдің  бірлігін нығайту, жалпыға ортақ тарихи сана қалыптастыру мақсатында бүгін облыстық ономастика комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, Қонаев қаласы мен аудандардың әкім орынбасарлары қатысты. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты ол ономастика саласы және осы мәселеге үлкен көңіл бөлінуде. Осы орайда «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін елміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар іріктелінді. Айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып,  Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Ахметов Даниярдың басшылығымен отырыстың қорытындысы шықты.