
2023 жылдың 22 тамызында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, қолдау білдіру, және марапаттау мақсатында «Тіл тұмар – бір шынар» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға облыстық орталықтан және аудандық, ауылдық округтік филиалдардан жалпы саны он тіл үйренуші қатысты.
Байқау нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық филиалының қатысушысы Нурдунова Рамина I орын, Қарасай аудандық филиалының қатысушысы Асланова Фатима II орынды иеленсе, Қонаев қаласының намысын қорғаған Курбанов Эмиль және Жамбыл аудандық филиалының қатысушысы Богданова Зинаида III орынды бөлісті. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.