Проведена разъяснительная работа по вопросам профилактики коррупционных фактов

Проведена разъяснительная работа по вопросам профилактики коррупционных фактов

2023 жылғы 7 тамыз күні Қонаев қаласында қалалық кітапхананың үлкен оқу залында Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен басқарма, орталық қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мемлекеттік қызметшілері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары қатысты.
Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау арқылы жемқорлықпен күресті нығайту.
Олай болса, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, тиісті түрде қалыптастыру, оның орындалуына жан-жақты қолдау көрсету баршамызға ортақ міндет.
Арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Дарын Есетұлы Абикулов қатысып, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбына баяндама оқып, дайындалған бейнероликтерді көрсетті. Жүргізілген түсіндіру жұмыстары бойынша қатысушылар өз ойларын ортаға салып, баяндамашыға сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Жиын соңында сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметов осы жиында қолданылған материалдарды, пайдаланыған бейнематериалдарды қызмет барысында назарға алып, басшылыққа алу қажет екенін, сол сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, тиісті түрде қалыптастыру, оның орындалуына жан-жақты қолдау көрсету, баршамызға ортақ міндет екенін толықтай түсіне отырып, келеңсіз жағдайларға жол бермеу керек екендігін үнемі назарда ұстауды және орындауды тапсырды.