«Этносаралық татулық-қуатты мемлекеттің тірегі» атты республикалық Жайдарман сайысы өтті

«Этносаралық татулық-қуатты мемлекеттің тірегі» атты республикалық Жайдарман сайысы өтті

2023 жылғы 4 тамызда Қонаев каласының орталық алаңында облыс әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің арасында жасалған Алматы облысындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Этносаралық татулық-қуатты мемлекеттің тірегі» атты Алматы облысы әкімінің кубогына арналған республикалық Жайдарман сайысы өткізілді.
Жайдарман сайысының мақсаты - мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру, халқымыздың ынтымағы және бірлігін нығайту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жайдарман сайысына республикамыздың облыс, қалаларынан келген 9 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Жайдарманды қорытып, ойынға қатысып, Қонаев қаласының тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған барлық командараларға Облыс әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің Алғысхаттарын және жеңімпаздарға жүлделі орындарға белгіленген сыйлықтар мен дипломдарды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов табыстады.
Жайдарманның қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтауға қазылар алқасының құрамында болған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы Айдана Арсалан атсалысты.