«Этносаралық татулық – қуатты мемлекеттің тірегі» атты республикалық жайдарман сайысы өтеді

«Этносаралық татулық – қуатты мемлекеттің тірегі» атты республикалық жайдарман сайысы өтеді

2023 жылдың 4 тамыз күні, сағат 19.00-де Алматы облысы әкімдігі қолдауымен, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Этносаралық татулық – қуатты мемлекеттің тірегі» атты республикалық жайдарман сайысы өтеді. Бұл іс-шара этностар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалып отыр. Республиканың түкпір-түкпірінен келетін жалпы 8 команда бақтарын сынайды. Командалар Алматы облысы әкімінің кубогы үшін таласқа түседі. Жайдарман ойындары жастардың қоғамдық өмірге деген қызығушылықтарын оятатын таптырмас сайысқа айналған. Алматы облысы әкімінің кубогы алғашқы рет ұйымдастырылып отыр.