«Түркі жазбалары және қазақ жазуы» атты облыстық конференция өткізілді

«Түркі жазбалары және қазақ жазуы» атты облыстық конференция өткізілді

2023 жылдың 20 шілде күні басқарманың ұйымдастыруымен Қонаев қаласының мәдениет үйінде «Түркі жазбалары және қазақ жазуы» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау, тарихи мұраны саналы ұрпаққа дәріптеу, қазақ жазуының шығу тарихын насихаттау болып табылады. Конференцияға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың мамандары, тіл жанашылары, этно мәдени бірлестіктер мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» төрағалары қатысты. Түркі жазбалары мен қазақ жазуы туралы филология ғылымының докторы Жұбай Орынай Сағынғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты Ерғали Зияханұлы Есбосынов, тарих ғылымдарының кандидаты Мухтар Муратказыұлы Муратказин, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Жаңагүл Шыңғысханқызы Саметова баяндама оқып, түркі халықтары әдебиетінің оқытылуы, Қазақ жазбасы, ортағасырлық түркі жазба жәдігерлерінің тілі мен әдебиетінің даму ерекшеліктері туралы мағыналы деректерді келтіре отырып, ауқымды мәліметтер берді. Әр баяндамашы тақырыптары бойынша слайд көрсетті. Ұйымдастырушылар тарапынан баяндамашыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табысталды.