
2023 жылдың 29 маусымында облыстық ономастика комиссиясының 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша отырысы өтті. Комиссия отырысы барысында аудандарға қарасты әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.
- Қонаев қаласы, Балқаш, Іле аудандарындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарлары есебін берді;
- Ұйғыр ауданына қарасты Кіші Дихан ауылдық округінің және соған қарасты Кіші Дихан, Үлкен Дихан ауылдарының әкімшілік-аумақтық бірліктердің транскрипциясын нақтылау;
- Қонаев қаласы, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарына қарасты құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды қарап, қорытынды беру;
- Талғар ауданының аумағында орналасқан географиялық объектіге Тұран атауын беру туралы ұсынысты қарап, қорытынды берілді.