
2023 жылдың 21 маусымында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған “Тіл-ғұмыр” жас қаламгерлер облыстық байқауы өткізілді. “Ақ қауырсын” жүлдесі үшін өңір аймақтарынан 10 жас қаламгер қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың батырлығын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тіл саясатын үйлестіруде жастардың белсенділігін арттыру. Облыстық байқау нәтижесінде: 3 орынды Қонаев қаласынан Самғат Оразалыұлы мен Еңбекшіқазақ ауданынан Ерзат Асыл, 2 орынды Талғар ауданынан Оралбек Ереванұлы, 1 орын “Ақ қауырсын” жүлдесін Кеген ауданынан Аршын Нұрбақыт иеленді. Жүлдені Басқарма басшысының міндетін атқарушы Айбол Баратбекұлы табыстады. Қалған қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.