
2023 жылдың 13 маусым күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай басқарманың ұйымдастыруымен «Тіл – рух күретамыры» атты облыстық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Облыстық байқауда Алматы облысы Қазақстан Жазушылар одағы филиалының директоры Қанат Әбілқайыр, тілдерді дамыту басқарма басшысының м.а. Айбол Баратбекұлы, Айтыскер,ақын Айбек Ережеп қазылар алқасында төрелік етті. Байқауға өңірлерден 12 қатысушы қатысты. Бас жүлдені Райымбек ауданынан Сабырақын Қадыржан Серікбекұлы, І орынды Қарасай ауданы Кеулимжай Жанель Асқарқызы, ІІ орынды Кеген ауданы Қамырхан Айжан Қуатқызы, ІІІ орынды Іле және Еңбекшіқазақ аудандарынан Полат Ақбота мен Сейтжапар Аружан Мақсатқызы иеленді. Байқауды қазылар алқасының төрағасы Қанат Әбілқайыр қорытындылап, марапаттау рәсімі өткізілді.