
2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тіл мәселесіне арналған «Тіл және тәрбие» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шара елдің дамуына сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің, қазыналы қарттардың тәлімін, ғибратты өмірін жастарға үлгі ету, дәстүр сабақтастығын ұрпақтан ұрпаққа аманат ету негізінде ұйымдастырылды.