
2023 жылдың 29-31 наурыз аралығында Жамбыл облысында
“Тіл - татулық тірегі” атты республикалық форумы өткізілуде.
Форум аясында 29 наурыз күні Жамбыл облысы Тараз қаласында “Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытудағы өзекті мәселелер” семинар-тренингі өткізілді. Тренинг барысында Алматы және Жамбыл облыстарының Тілдерді дамыту басқармалары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде тараптар гуманитарлық, әдістемелік бағытта және ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен тіл саясаты бағыты бойынша ынтымақтастықта болады