
2023 жылдың 27 наурызында облыстық ономастика комиссиясының 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша отырысы өтті. Комиссия отырысы барысында аудандарға қарасты әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.
- Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарлары есебін берді;
- Іле ауданына қарасты КазЦИК ауылдық округі және КазЦИК ауылының атауын өзгерту. Елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар
қаралып, қорытындыланды;
- Балқаш, Іле аудандарына қарасты әкімшілік- аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды қаралды