
Бүгін осындай атаумен өткен акция аясында Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған мектеп интернатының 124 оқушысы «Аватар» фильмінің қазақ тіліндегі сеансына барып, әлемдік туындыны тамашалады.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен өткен шара өскелең ұрпақты мемлекеттік тілді меңгеріп, мәртебесін көтеруге атсалысуға үндейді.
Сеанс басталмас бұрын балалар мерекелік дастарханнан дәм татты.