«Тіл тазалығын сақтайық» акциясының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өтті

«Тіл тазалығын сақтайық» акциясының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өтті

Алматы облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы негізде ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету,  мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау, атқарылған жұмыстарды зерделеу мақсатында облыстағы тоғыз аудан және Қонаев қаласында жүргізілген «Тіл тазалығын сақтайық» акциясының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өтті. Аталған акция дәстүрлі түрде өткізіледі.
«Тіл тазалығын сақтайық» акциясының негізгі мақсаты: аудандар бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктерге деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы»заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру болып табылады. Әр аудан өз деңгейлерінде аталған акцияны өткізді, қорытынды шығарылды.