
Алматы облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай игі бастамалардың бірі – Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін, «Кітап - асыл қазына» атты облыстық байқауы.
Байқау биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр, ол студенттер және ересек тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру және үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау, кітап оқуға ниеттенгендердің талпынысы мен ерік-жігерін шыңдау мақсатында өткізілді.
Биылғы жылғы байқаудың өзгешелігі байқау телеграм жүйесі арқылы өтті, қатысушылар электронды түрде тіркеліп, оқыған әдеби кітаптары бойынша дайындалған тесттен өтіп, жинаған баллдарының негізінде байқау жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздардың алған ең жоғарғы баллы - 99 болды. Байқаудың қорытындысы бойынша белсенділік танытқан жеңімпаздар марапатталды.