
13-желтоқсан күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылды қорытындылау мақсатында «Оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру» атты облыстық байқау өтті.
Тіл оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру, құжат айналымдарын бірізділікке салу, меңгерушілер мен оқытушылардың жұмысқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда Қарасай, Еңбекшіқазақ, Кеген, Ұйғыр, Жамбыл, Талғар аудандық филиалдары орталық басшысының Алғыс хаттарымен, жыл бойы атқарған жұмыстарымен көзге түскен Кеген ауданының оқытушысы Индира Ұзақ, Балқаш ауданының оқытушысы Толғанай Нұрахан басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Жыл қорытындысы бойынша «Үздік меңгеруші» номинациясымен Райымбек ауданының меңгерушісі Зубайра Жорабек, «Үздік» ұжым номинациясымен Іле аудандық филиалының ұжымы марапатталды.
Жыл үздіктерін марапаттау рәсімі Алматы облысының музейлері бірлестігі мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталғы арасында жасалған меморандум аясында Талғар ауданы Жаңалық аулында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде өтті.
Шара соңында жиынға қатысушылар музей ішіне экскурсия жасап, тарихи жәдігерлермен танысты.