Жетілдірілген әліпби жобасы талқыланды

Жетілдірілген әліпби жобасы талқыланды

Бүгін Тіл сарайында филолог-ғалымдардың қатысуымен ашық талқылау жиыны өтті. Жиынға қатысушылар Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және ІТ-сүйемелдеу жұмыс тобының бірлескен отырысында мақұлданған, жаңа әліпби жобасын төмендегі жеті мәселе бойынша талқылады.

1. С әріпін әліпбиге енгізу керек пе?

2. Енгізілсе, С әрпімен Ч дыбысын белгілеуді құптайсыз ба?

3. С әріпімен Ц-ны белгілеп, Ç-мен Ч дыбысын белгілеген дұрыс па?

4. Ұсынылған әліпбидегі Iɪ -i мен İi -мен и таңбалары ұқсас болғандықтан, шатастырмас үшін Ии-дыбысын Jj-мен, ал

-мен Жж дыбысын белгілеуді құптайсыз ба?

5. Iɪ -i мен İi -мен и дыбысын орындарын ауыстыру  немесе сол қалпы қалдырудың қайсысын құптар едіңіз?

6. Ң – әріпін латында жоқ  Ŋ-таңбасымен берген дұрыс па, әлде  N әріпінің үстіне тильда немесе бревис қою арқылы таңбалауды құптайсыз ба

7. Ww, Xх, С таңбалары тек пернетақтада орналасу керек дегенді құптайсыз ба?

Жиынды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жүргізді.