Алматы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті

Алматы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсынұлының төрағалығымен Алматы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудандардағы ономастикалық жұмыстарға байланысты жергілікті әкімдіктердің, тіл орталықтарының өкілдері есеп беріп, өз аудандарына қарасты мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарын білдірді. Қаралған ұсыныстарға байланысты оң шешімдер қабылданды.