
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында:
«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мемлекет көлемінде және халық¬аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы¬мыз үшін өткізілмек» – деп жазды.
Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Жабал Шойынбет арнайы шақырылды. Ол қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған Ұлы ақынның құнды мұраларына талдау жасады.
Сондай-ақ, шараға ЖМУ-дің доценті, ф.ғ.к, абайтанушы ғалым Сайлау Қожағұлов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы-өлкетанушы Өкітай Ахметов, Қазақстан Жазушылар одағы және Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі Жүкел Хамай, ф.ғ.д, профессор Аманжол Қасабеков, ҚР композиторлар одағының мүшесі, белгілі сазгер Мұратхан Егінбаев, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Күлпан Әлікенова, ақын, аудармашы, облыстық «Аналар кеңесінің» төрайымы Жамал Баймадиева, «Жетісу» телеарнасының бас продюсері Жұмахмет Жайлаубаев, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, филология ф.ғ.к. доцент, Дүйсен Аңсабаев, жас жазушы, әдебиет сыншысы, зерттеуші Елдос Тоқтарбай, БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел басында маңызды пікірлер, сүбелі сөздер айтылды.