
Қонаев қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебі туралы жиын өтті.
Жиынға аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің басшылары, тілге жауапты мамандар, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, қалалық филиалдарының меңгерушілері қатысты.
Басқарама басшысы Дәулет Шайтұрсын жиынның мақсаты атқарылған жұмыстардың есебін жасап, алдағы міндеттерді айқындау екендігін айтты.
Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Әбіләжімова, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Г. Әкімжанова он айда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Есепке сәйкес көрсеткіштері төмен аудандарға ескерту берілді.
Алқалы жиын соңында «Қасиетті өлке – киелі мекен» облыстық шығармалар байқауы мен «Бала тілі бал!» акциясының жеңімпаздары марапатталды.