«Қасиетті өлке, киелі мекен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Қасиетті өлке, киелі мекен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы А. Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында, Қазақстан халқы Тілдері мерекесі айлығы аясында оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамыту мақсатында «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты байқау жариялаған болатын.
Шығарма байқауына Алматы облысы бойынша (9-11 сынып оқушылары) 45 үміткер өтінім білдірді.
Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексеріліп, қазылар алқасының шешімі бойынша 13 үміткер жүлделі орынға ие болды.
Қонаев қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Б. Раханова, Г. Қалмұрзаева, Д. Қоспаевалар байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, шешім шығарды.
Шығармалардың лексикалық және грамматикалық сауаттылығына, ой тереңдігіне, тақырыптан ауытқымай оны аша білуіне үлкен мән берілді. Нәтижесінде №31 орта мектеп оқушысы Жанат Айсұлудың шығарамасы 1-орынға лайық деп танылды (Талғар ауданы).
Ал Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы Аньдос Динара (Жамбыл ауданы), №33 орта мектебінің оқушысы Мейрамбек Аида (Талғар ауданы) 2-орынды еншіледі.
№10 орта мектеп оқушысы Сейіт Сагдана (Талғар ауданы), Тасашы орта мектебінің оқушысы Сейлхан Нұрай (Кеген ауданы), Қарқара орта мектебінің оқушысы Даутхан Сабина (Кеген ауданы) 3-орынға ие болды.
Сондай-ақ, бірқатар оқушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.
Олар: Ақылбек Ақнұр (Талғар ауданы), Еркен Гүлім (Талғар ауданы), Ермек Асель (Қарасай ауданы), Алпысбаева Сабина (Қарасай ауданы), Семейғазы Инабат (Қарасай аудыны), Джунсалиев Ринат (Жамбыл ауданы), Самофалов Владимир (Талғар ауданы).