Бүгін Қонаев қаласындағы мәдениет үйінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың кепілі» атты облыстық тіл фестивалі өтті.
Шараның мақсаты: «Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Салтанатты шарада Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өңірдегі тіл саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін бірқатар мамандар мен тіл жанашырлары марапатталды. Мәселен, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы А. Сеңгірбаева, Іле аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б. Рақымжан Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.
Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасы С. Демирел атындағы университеттің аға оқытушысы, ф.ғ.к Б. Хасенге, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаевқа, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің» Талғар аудандық филиалының төрағасы Р. Байшықоваға берілді.
Балқаш аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Г. Сәлімжанова Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаты табысталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін мен маңызын арттыруға үлес қосып жүрген бірақтар мамандарға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.
Салтанатты шара әсем әнмен өрнектеліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.