
Бүгін 5 қыркүйек – татулық пен достықтың мерекесі – Қазақстан халқы тілдері күні, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні!
Бұл күннің әрбір қазақстандық үшін мәні мен маңызы ерекше. Себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы.
«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры» - деп баға берген, тілді қастерлеп, қасиетін сезінген, қазақ тілінің мүмкіндігі шексіз екенін еңбектерінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеген, тілдің жоқшысы әрі шырақшысы болған Ахмет Байтұрсынұлының күреске толы ғибратты ғұмыры біз үшін өнеге болуы тиіс.
Мерекенің басты сипаты да осында.
Ұлт бағына туған ұлы тұлғаның 150 жылдық мерейтойы, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі құтты болсын!
Шаңырақтарыңызға шаттық, босағаларыңызға бақ қонсын!
Мереке құтты болсын!