Биыл мемлекетіміздің мәртебелі символы – мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болды. Бұл күні қыран бейнелі көк туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз, әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні дүние есігін ашты. Олар тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы тұңғыш ресми белгілерге айналды.
Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз жаңарған Қазақстанның 30 жылда халықты біріктіруші символдарына айналды. Еліміздің төл рәміздері – біздің тарихымыз. Ал оны білу – Отанын сүйген әр азаматтың парызы.
Бүгін Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанынна 30 жыл толуына орай «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті.
Жиынға Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада балалар жылына орай рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған
«Отаным – алтын бесігім» атты облыстық челлендж байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясының 8 сынып Назерке Әділхан мен
Алакөл ауданы, Қарлығаш негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушысы Айша Ғалымжанқызы І орынға ие болды.
Талғар ауданы №40 жалпы білім беретін орта мектеп 8 сынып оқушысы Ақнұр Мұхаметқали мен Қаратал ауданы Үшкөмей орталау мектебінің 8 сынып оқушысы Марина Мамуч-оглы ІІ орынды жеңіп алды.
Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айым Ораз бен Талғар ауданы №26 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Иманбай Мейрамбек ІІІ орынның тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ, Ерден Әділбек, Ұлпан Ораз, Диляра Истинова, Меруерт Тәшімоваға ынталандыру сыйлығы берілді.