Мемлекеттік тіл саясатында өзекті мәселелерді шешу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ісқағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса мән беру, ономастика саласында, соның ішінде қазақ тілінде әзірленетін деректемелер мен көрнекі ақпараттардың сауаттылығы және сапасы басты назарында.
Солардың бірі – «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы.
Бүгін Тіл сарайында аталған акция бойынша марапаттау салтанаты өтті.
Салтанатты жиынды жүргізген басқарма басшысы Б. Керімбек: «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, оны дамыту – әр азаматтың парызы. Осы орайда, тіліміздің тұғырын биіктетіп, тазалығының сақталуына үлес қосып жүрген әрқайсыларыңызға зор алғысымды білдіргім келеді» – деп қоғамның ілгері дамуы тілдің өміршеңдігімен тікелей байланысты екенін айтты. Сондай-ақ басшы марапат иелерін еліміз үшін айтулы мереке Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтады.
«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының биылғы ерекшелігі – үш бағыттың қамтылуы. Яғни бірінші бағыт – аудан, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жыл бойы жасаған жұмыстары бойынша, екінші бағыт – тіл тазалығын сақтауда өз үлестерін қосып жүрген тіл жанашырларының жұмыстары бойынша, үшінші бағыт – көрнекі ақпарат пен деректемелердің сауатты жазылуына ықпал етіп жүрген жарнама агенттіктерінің жұмыстары бойынша марапатталды.
Аталған байқауға облыс бойынша 20 аудан, қала қатысып, белсенділік танытты. Әр өңірдің жұмыстарын білікті мамандар сараптады.
«Ең үздік аудан, қала», номинациясы бойынша Алакөл, Балқаш, Талғар, Іле аудандары мен Талдықорған қаласы марапатталды.
«Ең үздік жарнама агенттігі» аталымы бойынша «Болат» ЖК (Талғар ауданы), «LUX SERVISE» ЖШС (Еңбекшіқазақ ауданы), «FART» ЖШС (Талдықорған қаласы) марапатталды.
Сондай-ақ, Ақсу ауданы, Қызылжар ауылдық клубының меңгерушісі М. Құдиярова, С. Мұқатова (Алакөл ауданы), жеке кәсіпкер Ф. Мұсаев (Балқаш ауданы), «Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық-саяси газеті мен mezet.kz желілік басылымының бас редакторы Х. Ахметжанов, зейнеткер Қ. Байдүсенов, Кеген аудандық «Қарқара» газетінің редакторы Ғ. Бейқұтбай, Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі волейбол бөлімінің жаттықтырушысы С. Ноғайбеков, Көксу ауданының кітапханашысы М. Ахметова, Қапшағай қалалық мәдениет үйінің әдіскері А. Бақтығожаева, «Қаратал» газетінің бас редакторы А. Сексенбаева, Г. Омарова (Панфилов ауданы), Черкасск ауылдық мәдениет үйінің директоры А. Қалыбаев, Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының маманы М. Абатайқызы, «Текелі тынысы» газетінің тілшісі А. Ырымжанұлы, зейнеткер М. Қожабеков, (Талдықорған қаласы), Ұйғыр ауданы Шонжы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Нұрқасымбай сынды бірқатар тіл жанашырлары марапатталды.