«Педагогтың тілдік тұлғасы» атты республикалық семинар-тренинг өтті

«Педагогтың тілдік тұлғасы» атты республикалық семинар-тренинг өтті

Ұлт ұстазы Aхмет Бaйтұрсынұлы ұлттық тілді тұтынушы тілдік тұлғaның құзірeті мeн жaдының қaлыптaсуы жөніндe: «Aдaм aнa тілін жaсынaн eстуіншe үлкeндeрдeн үйрeнeді. Содaн соң тіл тaнытқыш кітaптaрдaн тaниды. Одaн кeйін үлгілі жaзушылaрдың сөзін оқып, өзі іс жүзіндe иә aуызшa aйтып, иә жaзып қолдaнумeн білeді», - деген екен.

Тілдік тұлғaны қaлыптaстырушы фaкторлaр рeтіндe отбaсы мeн тәрбиe,  алған білімді, қоғaмдық-әлeумeттік жaғдaйлaрды атап айтуға болады.

Бүгін  Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және  А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Педагогтың тілдік тұлғасы» атты республикалық  семинар-тренинг өтті.

Онлайн және оффлайн форматта өткен семинар-тренингке облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және аудандық, қалалық филиалының оқытушылары, Талдықорған қалалық мектеп мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

 «Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында десек, бүгінгі шарамызға қатысып отырған ұстаздар қауымы сол бүлдіршіндерге саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында еңбек етіп келеді. Бұл семинар-тренингіміз  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр – деп басқарма басшысы Болат Керімбек Тәуелсіздік мерекемен құттықтап өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова,  аталған институттың «Ахметтану» бөлімінің меңгерушісі Құралай Күдеринова, «Тіл тарихы және түркология» бөлімінің меңгерушісі Айнұр Сейітбекова семинар-тренингты жүргізді.

Семинарда А. Фазылжанова: «Кез келген тілдік қарым-қатынас ол сол қарым-қатынасты орнату үшін жасалады. Мысалы, сөйлеп тұрған кезде біз сөздерді сөз тіркестерін, сөйлемдерде, дыбыстарды шығару үшін сөйлемейміз. Сөйлеп тұрған кезде біздің ішімізде дітіміз болады. Соны орындату үшін сөйлейміз» – деп  тілдік қарым-қатынастың бірден-бір мақсаты дітті орындату  екенін айтты.

А. Сейітбекова өз баяндамасында жаңа әліпбиді меңгертудегі қажетті білімдер жүйесіне тоқталды.

«Тіл –  қарым-қатынас құралы. Тілдік қарым-қатынастарда кез келген педагог сөлеу мәдениетінің жоғары, әдеби тілдің нормаларын сақтай отырып еркін сөлей білуі тілдік тұлғасының жоғары болуының айқын көрінісі.

Өзгe жeкe aдaмдaрғa ұқсaмaйтын өзіндік eрeкшe сaпaлық қaсиeті бaр бірeгeй aдaм ғaнa тұлғa болa aлaтыны бeлгілі. Aдaм тұлғa болып тумaйды, тұлғa болып қaлыптaсaды. Тілдік тұлғa дa солaй» - деді Қ. Күдеринова өз сөзінде.

Бір күнге созылған семинар-тренингке онлайн және оффлайн қатысқан  60 тыңдаушыға сертификат табысталды.