Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен  «Жетісу  – кітапқұмарлар өлкесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті  бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Жетісу  – кітапқұмарлар өлкесі» онлайн байқауын жариялаған болатын.

Бүгін Тіл сарайында «Жетісу  – кітапқұмарлар өлкесі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қатысушылардың жасына, санына шектеу қойылған жоқ.

Байқау кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр  – деді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Б.  Керімбек. Сондай-ақ басқарма басшысы ең сапалы бейнероликтер әлеуметтік желілерде жарияланатынын айтты.

Таразы басын тең ұстаған қазылар алқасының құрамында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Б. Керімбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ. Манап, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Л. Чалтикенова, Республикалық «Білім шапағаты» газетінің директоры Ш. Оразбаев болды.

Байқауда  қазақ тілінде кітап оқыған  Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бас маманы Б. Тараков  І орынға ие болса,  орыс тілінде сапалы бейнебаян түсірген  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы М. Беккулова да І орынға  ие болып мәре төрінен көрінді.

Байқаудың ІІ орынын қанжығалаған жеңімпаздар қатарында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы А. Мылтықбаева, Панфилов аудандық әкімі аппаратының бас маманы Н. Бегімбет, Қарасай ауданы Райымбек ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Ж. Сақтаған болды. Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ф.  Бегенбаева, Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Тынысбекова, Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Беспаева ІІІ орынды иеленді.