Ұйғыр ауданында семинар-кеңес өтті

Ұйғыр ауданында семинар-кеңес өтті

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Аудан көлемінде елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту, көше атауларын заңдастыру» мәселелері бойынша арнайы семинар өткізді. Семинарды Ұйғыр аудандық мәслихатының хатшысы Нұрәкім Есжанов жүргізді.

Семинарға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.

Басқарма басшысы Болат Керімбек күн тәртібіндегі мәселе бойынша кіріспе сөз сөйлеп, облыстағы ономастика саласындағы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды атап өтті.

Ал ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев ономастикалық нысандарға атау беру және қайта атау заңдылығын егей-тегжейлі түсіндірді.

Семинарға қатысушылар өз ойларындағы көкейтесті сұрақтарын қойып, нақты әрі қанағаттанарлық жауаптар алды.

Семинар-кеңесті Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов қорытындылады.