Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне  орай дөңгелек үстел өтті

Бүгін Тіл сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Жиынды Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі бақармасының басшысы  – Керімбек Болат Бақбергенұлы жүргізді.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілген басқосуда облысымызда тіл саласын дамытуға, соның ішінде рәміздерді насихаттау бағытында еңбек сіңірген белсенділер марапатталады. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер, «Жетісу медиа», «Рухани жаңғыру» орталықтарының қызметкерлері, басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан азаматтар да  бар.