Тағайындау

Тағайындау

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы болып Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев тағайындалды.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев 1980 жылы 10 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.

 2001 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын, 2012 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарих мамандығы және Ө.А Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын қаржы мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Ақсу ауданы мәдениет бөлімі драма түсірілімінің жетекшісі болып бастаған.

2001-2011 жылдар аралығында Б. Римова атындағы облыстық драма театрында дыбыс режиссеры, дыбыс операторы және әртісі қызметін атқарған.

2012-2016 жылдары облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражай директорының орынбасары және директоры қызметін атқарған.

2019 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында әдіскер болып қызмет атқарды.

Үйленген, үш баласы бар.