Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Семинарға «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері,  аудандық, қалалық филиалдарының меңгерушілері, әдіскерлері  және  оқытушылары қатысты.

Семинарда «Қазақ тілін үйретуге арналған  IT жобалар» тақырыбы бойынша  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық-техноголиялар басқармасының басшысы, филология ғылымдарының магистрі Мөлдір Бақытқызы баяндама жасады. Баяндама барысында қашықтан оқытуда сүйенуге болатын Tilqyral.kz, sozdikqor, Emle.kz, ABAIINISTITUTY сияқты сайттардың жұмыстарымен таныстырып өтті.     Сондай-ақ  «Қашықтан оқытудың психологиялық аспектілері» атты тақырыпта Семей қаласы Шәкәрім  атындағы    университетінің педагогика және психология кафедрасының   аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Гулнара  Ахметқызы  Куребаева баяндама жасады. Өз баяндамасында қашықтан оқытудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтты. Қашықтан оқытудың психологиялық негізін құрайтын когнитивтік, әлеуметтік, ситуациялық, жалғаспалы, репродуктивті, коммуникативті мотивтер туралы толық ақпарат берді.

Семинар соңында семинарға қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауап алды.