Кітапқұмарлар отырысы өтті

Кітапқұмарлар отырысы өтті

Бүгін Тіл сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру, кітап оқу мәдениетін дамыту және қазақ, шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттауды мақсат еткен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты жобасын жүзеге асыру бойынша құрылған клуб мүшелерінің отырысы өтті.

Отырысқа басқарма қызметшілері, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми қызметкерлері, магистрлер, клуб мүшелері қатысты.

Отырыс барысында болашақ клуб мүшелері кітап оқуды кеңінен дәріптеуге қатысты өз ойларын ортағы салып,  өздері оқыған кітаптары туралы пікірлерімен бөлісті.