Облыстық жиын онлайн форматта өтті

Облыстық жиын онлайн форматта өтті

Бүгін «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру: атқарылған істер, алдағы міндеттер» атты облыстық  жиын өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұжымы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің өкілдері, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен оның қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Б. Керімбек баяндама жасады.

Облысымызда тіл саясатын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар аз емес, алға қойылған міндеттер де орасан. Бүгін біз тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы және 2021 жылы атқарылатын міндеттер жайлы маңызды пікірлерін айтты.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, жазуды жаңғырту – тілді түлету екенін айтты.

Сондай-ақ, онлайн жиында Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ф. Бегенбаева және Ұйғыр аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д. Табылдиев сөз алып өз пікірлелерін білдірді.

Жиын барысында әртүрлі мәселелер талқыланып, тілдік ахуалды жандандыру мақсатында ұсыныстар нақтыланды.