Тәуелсіздік – қайсар рухтың жемісі, игіліктің ең ұлысы

Тәуелсіздік – қайсар рухтың жемісі, игіліктің ең ұлысы

Ұлы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында Тіл сарайында «Тәуелсіздік – қайсар рухтың жемісі, игіліктің ең ұлысы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Болат Бақбергенұлы Керімбек жүргізді.
Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдары еліміздің өркендеуіне үлес қосқан ардагер қариялар Наурыз Қылышбайұлы, Ақшабай Дүйсенбекұлы, Қараша Қараман т.б қатысты.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға, тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан зор үлестері үшін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен облыстық «Огни Алатау» газетінің редакторы А. Идигов, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы А. Керімбеков, «Жетісу» телеарнасының директоры С. Сарыбай, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Д. Аңсабаев, Алматы облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің меңгерушісі А. Башбаев, Білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Исағұлова, Қаратал ауданының әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы А. Миронова, «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Д. Атантелов, сондай-ақ, тіл саласына еңбек сіңірген ардагерлер Ә. Ысқабай, Н. Қылышбаев, Ә. Әбдіқазырқызы, Р. Жәнібекова, Б. Бексұлтанов марапатталды.

Мерекелік шарада көп тілді меңгерген ұрпақ тәрбилегені үшін Талдықорған қаласы №11 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (төрт тілді меңгерген оқушы) Фарух Палташтың анасы Роза Байтуғанова, Талдықорған қаласы № 5 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы ( үш тілді меңгерген) Д. Мырзаханның анасы Үміт Нұрахметова, Талдықорған қаласы №11 мектеп 8 сынып оқушысы( үш тілді меңгерген) К. Ербосынованың атасы Д. Раисов басқарманың Алғыс хатымен марапаттаолды. Ал полиглот оқушыларға бағалы кітаптар берілді.

Сондай-ақ, бүгінгі шарада этнос өкілдерінің қатысуымен өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың бас жүлдесін Қаратал ауданынан келген Альбина Миронова қанжығаласа, I орынды ілелік Валентина Талюс жеңіп алған болатын. Ал ІІ орын Еңбекшіқазақ ауданынан келген Шахризада Баситке бұйырды. Жүлделі ІІІ орынға Владимир Чепель (Ақсу ауданы) мен Марина Кущ ие болды. (Ескелді ауданы). Ал ынталандыру сыйлығын алғандар қатарында Эльнара Таштанова (Қарасай ауданы), Зарема Джаева (Сарқан ауданы), Валентина Воробьева (Талғар ауданы) болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Жетісудың жыр керуені» жобасына белсене қатысып, өзі мәнерлеп оқыған өлеңді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, эстафетаны сәтті жалғастырған қатысушылар марапатталды.
Олар: «Ең жақсы мәнерлеп оқушы» Н. Серікбайұлы (Іле ауданы), «Ең көп қаралым» А. Салих (Ақсу ауданы), «Ең сапалы бейнежазба» Д. Мұқиятқызы (Талдықорған қаласы), «Ең үздік қатысушы» Ш. Әділжан (Қапшағай қаласы) және Талдықорған қаласындағы №16 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушысы А. Азаматқызы «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болды.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы аясында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздарын
атап айтар болсақ, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы Қ. Әбдіғұлов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Б. Турсунов, С. Апандиева (Қапшағай қаласы), Н. Ахмеджан (Еңбекшіқазақ ауданы), Талдықорған медициналық колледжінің студенті А. Жамалова.
Айта кету керек, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысуда республика бойынша ең белсенді облыс ретінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатына ие болды.