
Еліміз үшін тарихи мәні зор, айтулы мереке 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
Көш бастап, болашаққа бағдар берген Тұңғыш Президентіміздің халық алдындағы, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы жолындағы еңбегі өлшеусіз. Тарихи қысқа мерзім ішінде шекарамызды шегендеп, іргеміз бекіді. Елордамыз Нұр-Сұлтан салынды. Бұл Елбасының асқақ беделінің, ерен еңбегінің нәтижесі, ерік-жігерінің айқын көрінісі.
Тіл мемлекеттің тірегі, қоғамды біріктіруші фактор екенін әркез назарда ұстайтын Елбасы саясатының нәтижесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында:
«Біз әр бала мектептен кейін мемлекеттік тілде оқып, жазып және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың барлық саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Адам көп тіл білген сайын мәдениеті артады – деп тіл мәселесіне жеке тоқталды. Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қарым-қатынас құралына толықтай айналуы үшін үйренушілердің қатарын көбейтіп, оларға жағдай жасау қажет екенін шегелеп айтты. Мұның барлығы Елбасымыздың тілге, ұлтқа деген ерекеше құрметі деп білеміз.
Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, жанұялық бақыт, береке бірлік тілейміз! Елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз баянды, ана тіліміздің мәртебесі асқақ болсын!