
Бүгін Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы қашықтан оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақша тиімді оқу мен оқыту» облыстық онлайн семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу, тиімді оқу мен оқытудың жолдарын түсіндіру.
Аталған шараға облыс бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемлік орталығының қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында "Айтылым әрекетін дамыту жолдары", "Жазылым тапсырмаларын ұйымдастыру мен бағалау", "Тиімді оқу мен оқыту" такырыптары төңірегінде дәрістер оқылды.