Жетілдірілген жоба бойынша сынама сабақ өтті

Жетілдірілген жоба бойынша сынама сабақ өтті

Бүгін  Тіл сарайында қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша кейбір диакритикалық таңбаларды қолданудың ыңғайлы тұсын, қолайсыз жақтарын анықтау үшін сынама сабақ өтті.

Сынама сабаққа филолог мамандар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  оқытушылары мен басқарма қызметшілері  қатысты.

Сынама сабақтың мақсаты – диакритикалық белгілердің жазылым мен оқылымдағы оңтайлылығын, артықшылығы мен кемшілігін анықтау.Жетілдірілген әліпби жобасымен таныстыру.

Сабақта жетілдірілген қазақ әліпбиінің құрамы таныстырылып, әліпбидегі әріптер атауы мен дыбысталуы үйретілді. Оқылым мен жазылым бойынша әр диакритикаға жеке-жеке тапсырма мәтіндері  берілді.