
«Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 9 қазанында сағат 10.00-де ZOOM платформасы арқылы «Тілдерді оқыту: атқарылған істер, алдағы міндеттер» атты қорытынды жиын өтті. Жиынның мақсаты – 2020жылдың 9 айы бойынша Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, қалалық филиалдарының атқарған жұмыстарына сараптама, талдау жүргізу.Аталған шараға аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, мамандары, орталық қызметкерлері, филиал меңгерушілері және оқытушылар қатысты. Басқарма басшысының м.у.а. Е. Ақшабаев кіріспе сөз сөйледі, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина жүргізіп отырды. Орталық басшысы Ә. Иманбақов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады және Қапшағай қалалық, Жамбыл, Ақсу, Көксу аудандық филиал меңгерушілері жарыссөзге шықты. Қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауаптарымен бөлісті.