Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» атты үздік эссе байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын насихаттау арқылы жастардың өз Отанының тарихына, Ұлы Дала елінің ұлық тұлғаларының еңбегіне деген елжандылық сезімін қалыптастыру.
ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткен байқауға аудан, қалалардан 93 үміткер қатысты. Қатысушылар Әбу Насыр әл-Фарабидің тұлғалық қырын тануға арналған тақырыптар бойынша өзінің таңдауына қарай қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде эссе жазды.
Байқауға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігін қазылар алқасы: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы С. Қожағұлов, осы университеттің аға оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты
Л. Чалтикенова, Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С. Сатыбалдина, Талдықорған қаласы №10 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санаттағы ұстаз А. Кенжегулова, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина сараптап, қорытындысын шығарды.
Қазылар алқасының шешімімен қазақ тілінде эссе жазудан жүлделі І орынды Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ақбота Жүнісәлі, ІІ орынды Іле ауданы №48 орта мектептің мұғалімі Жанар Серікқызы, ІІІ орынды Панфилов ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Айдана Нұрғазықызы иеленді.
Орыс тілінде эссе жазудан жүлделі І орынды Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айдана Арманқызы, ІІ орынды Кеген ауданы С. Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Адемы Орынбек, ІІІ орынды Талдықорған қаласы №19 орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ким Жасмина иеленді.
Ағылшын тілінде эссе жазудан жүлделі І орынды Панфилов ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ақерке Мәулетжанқызы, ІІ орынды Балқаш ауданы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Аружан Саматқызы, ІІІ орынды Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы №31 орта мектептің мүғалімі Шолпан Мәлікқызы иеленді.
Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен Басқармада марапатталатын болады.