Жеңімпаз атанды

Жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері айлығы аясында өткен «Тіл шебері» республикалық онлайн байқауы өз мәресіне жетті.
Жастар додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 16 үміткер қатысты.
Байқаудың әр кезеңіне кәсіби сараптама жасап, баға беру үшін құрылған қазылар алқасы талантты жастар қатары өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті.
Олардың пікірінше, жарысқа түсушілер ағылшын тілін жақсы меңгерген, ал ана тілінде эссе жазу барысында шұрайлы ойын шырайлы етіп бейнелей білді.
Аталған байқауға Алматы облысының үкілеген үмітін арқалай барған Қанат Жақсыбаев екінші орынға (150 мың теңге сыйлық) ие болды.
Жас ұстаз Жақсыбаев Қанат Абайбекұлы облыстық «Тіл шебері» байқауының жеңімпазы.
Айта кету керек, биылғы республикалық "Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауына облысымыздан жолдама алған
Айбек Құттыбек I орынға ие болған болатын.
Облысымыздың намысын лайықты қорғай білген жеңімпаздарымызға жүлде құтты болсын дейміз!