Меню

Страницы

Статья

«ӘДЕБИ БІЛГІР» атты жоғары сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың ережесі

«Әдеби білгір» олимпиадасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде ұлттық рухымыздың түпқазығы әдеби құндылықтарымызды жастар бойына сіңіруге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

Олимпиаданы ұйымдастырушы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).

І. Олимпиаданың мақсаты:

1. Жоғары сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәнінен білім деңгейін бақылау.

2. Жастарымыздың бойына әдеби құндылықтарды сіңіру.

3. Жетісудың ақын-жазушылары мен әдебиетшілерінің шығармаларын насихаттау.

ІІ. Олимпиаданы өткізудің тәртібі:  

4. Олимпиада 10 қазан күні Тіл сарайында өткізіледі.

5. Олимпиаданы өткізу туралы хабарландыру Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми сайтында және БАҚ-та орналастырылады.

6. Олимпиадаға әр аудан, қаладан бір оқушы және Талдықорған қаласының әр мектебінен бір оқушыдан қатыстырылады.

7. Олимпиадаға қатысу үшін жазбаша ұсыныс хат, туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің көшірмесі, арнайы кесте (қосымшада берілген) толтырылып, төменде көрсетілген электронды поштаға жолдануы керек.

8. Олимпиада 2 кезеңнен (25 сұрақтан) тұрады.

9. Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды.

10. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Межелі уақыт біткеннен кейін қатысушы тест кітапшасын өткізуі тиіс.

11. Олимпиада барысында қатысушыға ұялы телефон пайдалануға, залдан сыртқа шығуға тыйым салынады.

ІІІ. Олимпидаға қатысушы:

15-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

ІV. Олимпиадаға қатысушы үміткерге төмендегідей талаптар қойылады:

12. Олимпиадаға қатысушы ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы жетісулық ақын-жазушылардың өмірінен, шығармашылығынан хабардар болуы керек.

13. Қатысушы олимпиада барысыныда уақытын тиімді пайдалануы тиіс.

V. Олимпиада шарттары:

13. Екінші кезеңге 20-дан жоғары ұпай жинаған қатысушы жолдама алады.

15. Алдыңғы кезеңде көрсетілген ұпайды жинай алмаған үміткер келесі кезеңге қатыстырылмайды.

Олимпиада жүлдегерлері арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті анықтайды. 

Ескерту: Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды. Қатысушылардың ұпай саны тең болған жағдайда қазылар алқасы тағайындалған жүлде қорын теңдей бөліп беруге құқылы.

Өтінімдер «Әдеби білгір» атауымен 2018 жылдың 1 қазанына дейін asemake@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-56, факс: 30-59-50

Дата публикации
20 сентября 2018
Дата обновления
16 марта 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

06 апреля 2026
Алматы облысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған мерзімді тексеру жұмыстары басталды.
Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы