Меню

Страницы

Статья

Абай мұрасы – халық ұлағаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: 

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек» – деп жазды.

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к.  Жабал  Шойынбет арнайы шақырылды. Ол қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған Ұлы ақынның құнды  мұраларына тоқталып,  оның толық адам туралы іліміне талдау жасады.

Жабал Алшынбекұлы өз сөзінде: «Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын біздің ғылыми-зерттеу орталығының ұжымы жаңа серпіліс әкелген еңбек ретінде қуанышпен оқып, талқылады. 2010-2011 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында, барлық факультет студенттеріне «Абайтану» пәнінен дәріс жүргізуіміз өте орынды екен.

Президенттің «Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн» деген сөзін оқығаннан  кейін бұрынғыдан да сенімді бола бастадық» – деді.

 Ал шараға қатысқан  жас зерттеуші, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай: «Ең үлкен проблема – біз «Абайтану ғылымын» қартайтып алдық. Мекентас Мырзахметов, Сейіт Қасқабасов бастаған Абайды зерттеуші ғалымдардың  ең жасы елуде. Қазіргі жас буын әдебиетке қызықпайды. Абайды жаттап қою аздық етеді, Абайға көңіл зердесімен қарайық»  – деп ойын түйіндеді.

Сондай-ақ, шараға ЖМУ-дің доценті, ф.ғ.к,  абайтанушы ғалым Сайлау  Қожағұлов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы-өлкетанушы Өкітай Ахметов, Қазақстан Жазушылар одағы және Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі Жүкел Хамай, ф.ғ.д, професссор Аманжол Қасабеков, ҚР композиторлар одағының мүшесі, белгілі сазгер Мұратхан Егінбаев, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Күлпан Әлікенова, облыстық «Аналар кеңесінің» төрайымы Жамал Баймадиева, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары  Жұматай  Әміреев,  «Жетісу» телеарнасының бас продюсері Жұмахмет Жайлаубаев, филология ф.ғ.к. доцент,  Дүйсен Аңсабаев, БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел басында маңызды пікірлер, сүбелі сөздер айтылды.

Дата публикации
27 февраля 2020
Дата обновления
27 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 апреля 2026
Алматы облысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған мерзімді тексеру жұмыстары басталды.
Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы