Халықтың және шаруашылықтардың қолда бар мал басын ескере отырып, жайылымдардың тапшылығы бойынша талдау жүргізілді.
Жеке қосалқы шаруашылығында 334,8 мың шартты мал басына есептегенде 1171,8 мың.га жайылымдық жер көлемі қажет.
Бүгінгі күні, жалпы облыс бойынша ауылдық елді мекендерде мал жаю үшін барлығы көлемі 810,4 мың.га жайылымдық жер бекітіліп берілді. (Балқаш ауданы- 137,9 мың.га, Жамбыл ауданы- 80,2 мың.га, Еңбекшіқазақ ауданы- 164,1 мың.га, Іле ауданы- 17,2 мың.га, Қарасай ауданы- 9,4 мың.га, Кеген ауданы- 154,2 мың.га, Райымбек ауданы- 85,3 мың.га, Талғар ауданы- 5,4 мың.га, Ұйғыр ауданы- 135,5 мың.га және Қонаев қаласы- 21,2 мың.га).
Бұдан бөлек, жер қорында 979,0 мың.га жайылымдық жерлер бар, халықтың жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Жайылымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ орындау мақсатында Жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспарды(бұдан әрі - Жоспар) бекіту жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 2023 – 2024 жылдарға арналған жайлымдарды басқару және оларды пайдалану туралы жоспарлары бекітілді.