«Жетісу - кітапқұмарлар өлкесі» онлайн байқауының ережесі

  1. Жалпы ережелер

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай онлайн режимде «Жетісу - кітапқұмарлар өлкесі»  байқауын өткізеді.

  1. Байқаудың мақсаты:

1) Кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау;

2) Облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру;

3) Қазақ  және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау.

  1. Байқауға келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

  • 9-11 сынып оқушылары;

  • студенттер мен 29 жасқа дейінгі жастар;

  • ересек тұрғындар.

  1. Байқаудың тәртібі

  1. Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

  2. Байқау 2020 жылғы 27 қарашада басталып, 23 желтоқсанда аяқталады.

  3. Байқау туралы толық ақпарат Басқарманың ресми сайтында, Facebook, Instagram. Вконтакте әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

  4. Байқауға қатысушыны тіркеу үшін Өтінім (үлгіге сәйкес), жеке куәлігімен бірге Басқарманың aotil5@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

  5. Байқау мерзімі ақталғаннан кейін жіберілген өтінімдер қабылданбайды.

  6. Байқаудың шартына сәйкес ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

  7. Байқаудың шарты

  1. Байқау екі кезеңде өткізеледі.

1) Бірінші кезең (мерзімі: 27 қараша – 23 желтоқсан). Бұл кезеңде қатысушылар міндетті түрде Басқарманың  әлеуметтік желілерінде көрсетілген сілтемелер арқылы берілген кітаптардың ішінен:

 - 9-11 сынып оқушылары (Абайдың қара сөздері, М. Мағауин  «Бір атаның балалары») 2 кітап оқиды және төменде көрсетілген талапқа сәйкес қысқаша мазмұнын жазады.

- Студенттер мен  ересек тұрғындар берілген 10 кітаптың ішінен 3 кітап оқиды.

Міндетті оқылатын кітап – Әл - Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат»,  көркем әдеби шығармадан бір кітап,  мотивациялық бір кітап   және оқып шыққан әр кітап бойынша 1,5 беттен кем емес қысқаша мазмұнын (А4 форматында, Times New Roman 14 шрифтпен, 1,0 интервалымен) жазады.

2) Екінші кезең – Бұл кезеңде қазылар алқасының шешіміне сәйкес іріктеуден өткен қатысушылар оқыған шығармалары бойынша онлайн тестілеуге қатысады.

  1. Қорытынды ережелер

  1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды.

  2. Қазылар алқасы шешім шығару барысында төмендегі талаптарды ескереді:

1) Мазмұндаманың шығармаға сәйкес жазылуы;

2) Тестілеудің қорытындысы.

  1. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысына сәйкес шығарылады.

  2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Басқарманың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғысхаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады) .

  3. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Бақарманың интернет ресурстарында орналастырылады.

Туындаған сұрақтар бойынша  төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

  1. Оқушылар: Арсалан Айдана Асланқызы - 8 700 980 50 83

  2. Студенттер, жастар: Қанайбаева Аида Бағланқызы - 8 708 702 85 75

  3. Ересек адамдар: Кожухова Дамира Қайратқызы - 8 777 030 03 28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 ноября 2020