Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

БЕКІТІЛДІ

Алматы облысы әкімінің орынбасары

_________________Ғ. Майлыбаев

2025 жылғы «___»  ______________

 

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

4

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ

 

 

Н.Т. Оқас (Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы)

тел: 8 777 160 21 31

 

Сыртқы жарнама мен маңдайша мәтіндерін қалай дұрыс жазу және орналастыру керек?

 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы

сақтала отырып жазылады.

 

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.

Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

 

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I Заңының 21-бабы;

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_/links

 

Мемлекеттік тіл,жарнама, сыртқы жарнама, маңдайша, жарнама мәтіндері

5

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ

 

 

А.Б. Нүсіпқожаев (Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы)

тел: 8 777 516 84 80

 

Адамның тірі кезінде білім беру, денсаулық сақтау объектілерін немесе оның құрметіне басқа объектілерді атауға болады ма?

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, адам тірі кезінде объектілерді оның атымен атауға болмайды. Атын өзгерту мәселесі қайтыс болған күннен бастап бес жылдан ерте қарастырылмайды.

 

Объектілердің атауын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында сіңірген еңбегі бар басқа да адамдардың атымен қайта атау, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға айрықша елеулі үлес қосқан батырлық пен батылдық танытқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, олар қайтыс болған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

 

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I Заңының 25-5 бабы;

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_/links

 

Атау беру, ономастика, кісі есімін беру, ономастикалық нысандар, атау беру тәртібі

 

Басқарма басшысы                                                                                             С. Беспаева

 

 

Орындаушы: Д. Кожухова

Тел: 8 777 030 03 28

Дата публикации
28 ноября 2025